Қуандық Бишімбаевтың сотқа тартылатын күні белгілі болды
Бұрыңғы Ұлттық экономиа министрінің атышулы қылмыстық ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы келесі сейсенбіде өтпек.
Автор: Досжан Маратұлы
24.10.2017
Қазір 350 томнан тұратын іс Астана қаласының ауданаралық сотына жетіп, судьялар материалмен танысып жатыр. Ал, айыпталушы орынында Қуандық Бишімбаев бастаған бас аяғы 23 адам. Олардың 20-сы кінәларын мойындап, мемлекетке келтірген шығынды өтеп берген. Ал, экс-министр тағылған айыппен келіспей отыр. Мәліметтерге қарағанда, ол қылмыстық топ құрып, 8 дерек бойынша ірі көлемде пара алған. Және 1миллиард теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылған болатын. Жыл басынан бері қамауда отырған Бишімбаевтың ісі сотқа өткен аптада жолданған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!