Семейде өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқтар ұсталды
Семейде өздерін құрылыс мекемесінің өкілімін деп таныстырып, құрылысшыларды сан соқтырған екі азамат ұсталды. Олар жұрттың құжаттарының көшірмесін жұмысқа орналастырамыз деп жинап, артынан солардың аттарынан онлайн несие рәсімдеп алған болатын.
Автор: Ұлан Нұрахмет
24.10.2017
Бүгінде, 31-34 жастағы азаматтардан 60-тан астам құрлысшының алданғаны белгілі болып отыр. Алаяқтардың несие арқылы қалталарына басқан қаражаттары да қомақты. Ол 1 жарым млн теңгені құрайды. Алайда полиция қызметкерлері іс әлі тергеліп жатқандықтан, аладанғандардың қатары бұдан да артып кетуі мүмкін екенін айтты. Себебі, құжаттарын өткізген бір топ құрылысшы қарыздарын шағын несие компаниялары хат жолдап, хабарласқанда бір-ақ білген еді. Әрқайсысының атынан шамамен 100 мың теңгеден асатын қарыз алған. Қазір, жәбірленушілердің несиедегі үстеме пайызы тоқтатылыпты.
Мақсат Зекенов, Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары:
-Мына, микрокредитный организацияларға хат жіберілді. Кісілердің ұсталғаны туралы. Сот шешімімен олардың берешегі жабылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!