Атышулы Жанар Ахметова елге экстрадицияланбауы мүмкін
Атышулы Жанар Ахметова елге экстрадицияланбауы мүмкін. Адвокатының айтуынша, Украина соты қазақстандық блогерді елге қайтару туралы мәселені мүлдем қарап жатқан жоқ.
Автор: Жәудір Оразхан
24.10.2017
Владислав Грищенко, Ж.Ахметованың Украинадағы адвокаты:
- Ахметованы экстрадициялауға қатысты сөз қозғалған жоқ. Интерполдың Украинадағы бюросына қазақстандық полицейлер Жанар Ахметоваға халықаралық іздеу жариялады деген ақпарат түскен. Ол осыған байланысты ұсталды. Енді Украина соты Ахметованы уақытша қамау туралы шешім шығаруы тиіс.
Жанар Ахметова Украинада ұсталған еді. Алаяқтық бабы бойынша сотталған келіншекке бұған дейін халықаралық іздеу жарияланған. Бірақ бұл жайында Ахметованың өзі хабарсыз екен. Ал Украиналық полицейлер қазақстандық блогерді Киев облысында қолға түсіріпті.Тергеу мәліметтеріне сай, Ахметова 2005-2008 жылдар аралығында азаматтардың 50 миллионнан астам теңгесін алаяқтық жолмен жымқырған. Сот оған үкім де кескен. Дегенмен кәмелеттік жасқа толмаған баласы болғандықтан, жазасын өтеу мерзімін 2021 жылға шегерілген болатын. Соны пайдаланған Ахметова шекара асып, осы жылдың көктемінде Украинаға қоныс аударған. Қазақстандық блогер қазір Киев облысында уақытша тергеу абақтысында отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!