Қырғыз елі Қазақстан көмегінен бас тартқаны туралы ресми хат жолдады
Көрші көмекке мұқтаж емес! Қырғызстан 100 млн доллар көлеміндегі Қазақстан көмегінен бас тартқаны туралы ресми хат жолдады. Қомақты ақша көрші мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына техникалық жәрдем ретінде берілуі тиіс-тін.
Автор: Азамат Алдоңғаров
24.10.2017
Оның алқашқы траншын қарашада аудару жоспарланған. Алайда күні кеше Қырғызстан Жоғарғы кеңесі екі ел арасында үкіметаралық келісімнің күшін біржақты жойғандығын мәлімдеді. Келісімді денонсациялау, яғни доғару туралы бастаманы көрші елдің Үкіметі көтеріп отыр. Еске салсақ, 10-шы қазанда қазақ-қырғыз шекарасында екі жақты тәртіп күшейтілген. Салдарынан қырғыз тауарларының тасымалы тежеліп, азаматтардың өтуі қиындаған болатын. Мәселе Астанаға Бішкектен премьер-министр Сапар Исаков бастаған делегацияның келуімен шешілген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!