Елімізде қалқанша безіне операция су жаңа әдіспен жасалып жатыр
Елімізде қалқанша безіне операция су жаңа әдіспен жасалып жатыр. Яғни, бұдан былай отадан кейін кейін адамның иегінің астында тыртық қалмайды. Әзірге отаның жаңа түрін Президет іс басқармасы ауруханасының дәрігерлері ғана жасауда.
Автор: Досжан Маратұлы
25.10.2017
Айтуларынша, қалқанша безіне операция жасау үшін бұрыңғыдай иектің астын тілмейді. Оның орнына науқастың қолтық тұсынан арнайы құрылғы жіберіп қалқанша безіндегі ісікті алып тастауға болады екен. Сөйтіп, осы арқылы тыртық қалмайды. Әрі науқас екінші күні-ақ, ауруханадан босап шығады дейді ақ-халаттылар. Әзірге операция жасаудың жаңа түрін отандық ақхалаттылар кореялық әріптестерімін бірігіп істеп жатыр.
Ерғали Ғаббасов, дәрігер:
- Тұз, иод секілді минералдардың жетіспеушілігінен қалқанша безінің ауруы жиі кездеседі. Әсіріесе әйелдерде. Сондықтан, жаңа құрылғының көмегімен ота жасап жатырмыз. Әзірге бұл тегін. Бірақ, кейін ақылы болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!