Өскеменде аңшылардың өзін аулау мықтап қолға алынды
Өскеменде жабайы аң-құстарды аулайтындардың өздерін аулау жұмыстары мықтап қолға алынды. Тіпті браконьерлерді ұстау үшін табиғатты қорғау қызметінің өкілдері тікұшақпен жиі рейд жүргізіп жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
25.10.2017
Бұған негіз де жоқ емес. Өйткені аң аулау маусымы басталысымен қызыл кітіпқа енгізілген түз тағыларына қырғидай тиетіндер көбейген. Ал оларды автокөлікпен қуып ұстау мүмкін болмай кеткен. Себебі мұздай қаруланған браконьерлер жол талғамайтын мықты машиналарымен жеткізбей кетеді екен. Сондықтан табиғат қорғау инспекторлары тік ұшақты қолдануға мәжбүрміз дейді. Нәтижесі де жоқ емес. Жыл басынан бері әуе көлігі арқылы мыңға жуық заң бұзушылық дерегі анықталса, браконьерлерге жалпы көлемі 16 млн. теңге айыппұл салынған.
Владимир Санаров, Өндірістік ұшу қызметінің инспекторы:
-Аңшылықты кәсіп еткендер мықты көлікке мініп, мұздай қаруланып жүреді. Кей кездері машиналарына қуып жете алмайтынбыз. Ал қазір ұшақпен ұстау қиын емес. Айта кету керек, барконьерлердің кейбірі ішіп алып қарсылық көрсетеді. Сондықтан ондайларды ұстаудың өзі қауіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!