{metadescription}
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады

Қазанның жайма шуақ күндері артта қалды! Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгеріп, жауын-шашын күтіліп отыр. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, кей аймақтарда  жел күшейіп, тұман түсіп, тіпті солтүстікте көктайғақ, дауылды бұрқасын болады.

Мұның алдында ауа райының нашарлауына байланысты дауылдық ескерту де хабарланған еді. Енді осы үш тәулікте жауын-шашын соңы қарға ұласады. Қостанай және Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20  метр/секундқа жетсе, кей аймақтарында көктайғақ пен бұрқасын елдің шырқын бұзбақ.  Сондай-ақ, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысында түнде, ал Атырауда күндіз желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде