Қарлы боран мен көк тайғақтың кесірінен жол апаты жиіледі
Қызылжарда көктайғақ кесірінен жол апатары жиіледі. Бұл өңірде кешеден бері қарлы боран соғып тұр. Ал жұрт көліктерінің доңғалағын ауыстыруға енді ғана әрекеттеніп жатыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
25.10.2017
Мына бейнежазбадағы жол апаты облыс орталығын аудандармен жалғайтын көпірдің үстінде болған. Көктайғақтың кесірінен рөльге ие бола алмай қалған жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп, Газельмен соқтығысты. Салдарынан үлкен жүк машинасы аударылып, одан төгілген қиыршық тастан көпірді тазалауға бірнеше сағат уақыт кетті. Арақ-шарап тиеген Газельдің иесі де біраз шығынға батқан сыңайлы. Боранның салдарынан мына жеңіл көліктің иесі де тізгінге ие бола алмай, жол шетіндегі дүкенге барып соққан. Ол да машинасының доңғалағын қысқысына ауыстырып үлгермеген екен. Қазір өңірдегі дөңгелек ауыстыру бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер күні-түні осындай жерлерді торуылдаумен жүр.
Ербол Сыздықов, көлік жүргізушісі:
-Біраз жерге барып шықтық, бар жерде очередь екен. Осы жерде шамалы екен, осы жерге келдік.++Жұрттар енді тұр. Жұмыстарының бәрі тоқтап тұр. Түнімен күнімен тұрғандар бар, иә.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!