{metadescription}
Белгілі банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастады
Белгілі банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастады

Белгілі банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастады

Белгілі банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастады. Құқық қорғау органдарындағы сенімді дереккөзіміз осындай ақпар беріп отыр. Бұған Мұратхан Тоқмәдидің қылмысын мойындауы себеп болған. Яғни, жазасын өтеп жатжатқан бизнесмен өз қылмысы туралы деректі фильмде осыдан 13 жыл бұрын Тәтішевті оны атып өлтіргенін мойындады. «Тұран Әлем Банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішев бүгінге дейін аңшылықта жүріп абайсызда оққа ұшқан болып келген-ді. Қылмыс әлеміне Мурка деген атпен танымал Тоқмәдидің банкирді өлтіруі бекер емес екен. «БТА» Әблязовтің қолына өтуі...

ін Тоқмәди осындай қылмыс жасауға мәжбүр болдым деп ағынан жарылыпты.

Мына кадрлар - Мұратхан Тоқмәдидің осыдан 13 жыл бұрын құқық қорғау органдарына берген жауабы. Қайғылы оқиғаның қалай болғанын өз ыңғайына салып сипаттап жатыр. Бірақ, банкир Ержан Тәтішевтің өлімі шын мәнінде басқаша болғанын басқалар былай баяндайды.

СЕРГЕЙ КОЗЛИКИН, Е. ТӘТІШЕВТІҢ БҰРЫНҒЫ ОҚҚАҒАРЫ:

- Оқ атылған сәтте дереу көлікті тоқтатып, артыма Тоқмәдиге қарасам саусақтары шүріппеден алынбаған күйінде қару ұстап тұрғанын анық көрдім. Бұл не істегенің деп оны дереу көліктен тартып шығардым.

Мылтықтың жәйдан-жәй атылмайтындығына сарапшылар әбден сенімді еді. Өйткені бір жыл бұрын ғана сатып алынған неміс мылтығының өз иесіне қарсы себепсіз атылуы мүмкін емес болатын.

АННА КОЛОМЕЦ, ТРАСОЛОГ-БАЛЛИСТИК:

- Қару өз-өзінен атылмау керек. Егер ол дұрыс істемейтін жағдайда болса. Бірақ, ондай дерек тіркелмеген. Яғни, қарудан қате жоқ.

Тәтішевтің өліміне сол уақытта Тоқмәди бірден күдікке ілінген. Сол кездері қылмыс әлеміне «Депутатский корпус» деген атпен танымал ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ретінде құқық қорғау органдарының есебінде тұрған болатын. Арада 13 жыл өткенде барып Тоқмәди өзіне Әбілязовтың тапсырыс бергенін жайып салды.

МҰРАТХАН ТОҚМӘДИ:

Ол Ержанның көзін жою керектігі жөнінде ұсыныс жасады. Бұл іс аңшылық кезінде байқаусызда болған оқиғадай жүзеге асуы керек болды. Ол былай болды. Қаруды маған беріп жатқан кезде мен атып жібердім. Ержан сол жерде өліп кетті. 

Ал, қылмыстың ізін жасырып, сараптама нәтижесін өзгерту үшін Тоқмади ақшаны да аямаған. Ондаған мың долларды параға бердім дейді. Ал, оның есесін БТА тізгініне келген Әбілязовтің қаржылай қолдауымен қайтарған.

Осылайша 13 жыл бұрын жалған деректермен жабылған іс қайта ашылып отыр. Енді еліміздің құқық қорғау орындары Әбілязовке кісі өліміне тапсырыс бергені үшін қайта іздеу жариялауы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде