{metadescription}
ОҚО-да мал ұрлау дерегі өршіп барады
ОҚО-да мал ұрлау дерегі өршіп барады

ОҚО-да мал ұрлау дерегі өршіп барады

Оңтүстік Қазақстандағы Төлеби ауданында жуырда тігерге тұяқ қалмауы мүмкін. Себебі, барымташылар жұрттың өрісте жайылып жүрген жылқысынан бастап, қорасындағы сиырға дейін ұрлап кетуде. Бір ғана ауылда бір жыл ішінде екі жүзден астам жылқы мен мүйізді ірі қара ұрланған. Айдап әкеткен қой мен ешкінің тіпті есебі жоқ. Полицейлерге арыз түсіре-түсіре шаршаған ел, тау мен тасты кезіп, базарларды аралап жүріп ұрыларды ұстапты да. Тек баукеспелердің туыстары полицияда үлкен қызметте болғанынан қорыққан тәртіп сақшылары күдіктілерде жібере салған. Ашуға мінген халық бүгін аудандық полиция...

лімшесінде шу шығарды.

Өрісінде мыңғырған малы жүретін Төлеби ауданының тұрғындары қазір қыбырлаған қарасын далаға шығаруға да қорқып қалған. Себебі, ұрылар жайлаудағы малды жаяудай, ал қорадағы қоңырды жетектеп ап кететін жағдайға жеткен. Сондықтан ауыл тұрғындары қорадағыны күзетіп не үйде отырады. Я болмаса жоғалған малын іздеп тау-тасты кезеді.

Көршілес жатқан Екпінді және Қайнар ауылдарынан бір жыл ішінде 130-дан астам жылқы, жүз шақты сиыр ұрланған. Қолды болған қой мен ешкіні жұрт тіпті қатарға қосып жатқан жоқ. Сондай жәбірленушінің бірі Саян ақсақалдың қорасында қазір бір бұзаулы сиыр ғана қалған. Қораның есігін бұзып кірген ұрылар түн ішінде бордақылап отырған 4 танасын жайбарақат шығарып, тіпті көлікке тиеп әкетіпті.

Саян Түймебеков, Екпінді ауылының тұрғыны;

-Елбасымыздың өзі мал бағыңдар, мал жинаңдар дейді. Қайтіп мал жинаймыз біз, қорадағыны әкетіп жатса. Бала-шағаның аузынан нәпақасын жырып, бұл ұрыларға тосқауыл бола ма болмай ма мына полицейлер қайда қарап отыр?!

Ал Леңгір тұрғыны Оңалбай Шуылдақовтың 15 жылқысын барымташылардың жетектеп кеткеніне 2 апта да болмаған. Таңертең шығарылып, қора іргесінде тұрған малы арада екі сағат өтпей жоқ болыпты.

Оңалбай Шуылдақов, Леңгір тұрғыны;

 -Күндіз-ақ әкетіп қалған сағат 11-де. Мына милициядан ешқандай пайда жоқ. Шығыным сол 5 миллион ғой. + Несиеге алынған енді ай сайын 120-147 мың ба ақша төлеймін несие. Енді қалған малым мынау мінекей.

Полицейлерге арыз жазып одан пайда болмаған соң жұрт тіпті көршілес Жамбыл мен Қызылорданың мал базарларын аралаған. Бір жарым ай бұрын 11 бас жылқысын алдырған Нұрғали Сүлейменов жоғалған 9 малын қасапшының үйінен тауыпты. Өзіне тиесіліні қайтарып, қасапшы арқылы Тұрар, Айдос пен Жандос есімді ағайынды 3 ұрыны тауып, полицейлерге тапсырған екен. Бірақ полицейлер біреуін ғана қамап, екеуін жұрт көзінше мойындаса да куәгер ретінде жібере салыпты. Сондықтан тұрғындар полицейлер мен ұрылар сыбайлас деп отыр.

Нұрғали Сүлейменов, Қайнар ауылының тұрғыны;

-Олар оларды жіберіп отыр. Негізінде олардың ағалары бар төбе жақта отырған. Полковник. ДВД-да істеген.

Ей бұл мал ұрланып жатыр. Басқа болып жатыр. Біз ұрыны ұстап береміз, бұлар жібереді. Ұры қамалмайды. Ұстап берген ұрыны босатып жіберіп жатыр ғой бәрі.

Қанша шағым жазса да, бір тұшымды жауап ала алмаған ашулы жұрт аудандық полиция бөлімінің алдына жиылды. Басшыны шақыртқан. Тек, басшы түгілі қосшы да шыққан жоқ. Есесіне, бастықтың орынбасары жұрт пен тілшілерді ішке біртіндеп шақыртып, даурықпауды сұрап жатыр. Ентіккен елдің сөзінше полицейлер дұрыс жауап бермек түгілі шығын миллионға жетпесе іс те қозғалмайды деп кері қайтаратын көрінеді. Кабинетіне жеке шақыртқан бастық сұраққа мардымды жауап бермеді, есік алдына жиналған жұртпен тілдесуден де бас тартты. Ал, амалы таусылған жұрт енді Астанаға арыз жазбақшы 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде