Күрд автономиясы бейбіт келісімге келудің жолын ұсынды
Бейбіт келісімді қалайды! Күрд автономиясының билігі тәуелсіздіктерін жариялаған референдум нәтижесінің күшін жоюға дайын. Дағдарысты еңсеру үшін Бағдатпен байланыс орнатып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ дейді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
25.10.2017
Олар ең алдымен Күрдістан аумағында оқ ату мен әскери операцияның тоқтағанын қалайды. Айта кетейік, Күрд автономиясында тәуелсіздікті жариялауға қатысты референдум 25 ші қыркүйекте өтті. Дауыс берушілердің 90 пайызы Ирак құрамынан шығуды жақтаған еді. Алайда, ашуға булыққан ресми Бағдат әскери операцияны бастап кеткен болатын. Осыдан қаймыққан Күрдістан билеушілері екіұдай күйге түсіп отырғандай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!