Си Цзиньпин тағы да таққа отырды
Си Цзиньпин тағы да таққа отырды. Ол енді қайтадан алдағы бес жылда ел мен партияға жетекшілік етеді. Мұндай шешім Қытай компартиясының Бейжіңде өткен пленумінде қабылданды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
25.10.2017
Си Цзиньпин алғаш рет Қытай коммунистік партиясының бас хатшылығына 2012 жылы сайланған еді. Оған дейін 2007 жылы бірінше рет партиялық аппараттың құрамына кірді. Билік тізгінін қайтадан қолына алған басшы жұмысының жемісті болуы осындай жетістікке жеткізді дейді. Саясаттанушылар оның уақытында биліктегі жемқорлықпен күрес белсенді жүргізілгенін айтады. Оның таққа қайтадан отыруы ел үшін оңды деген пікірде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!