Павлодарда дүлей дауыл шаһардағы нысандардың шатырын қиратып тастады
Елдің сүлтүстігіндегі тағы бір өңір – Павлодарда қатты дауылға байланысты екінші ауысымда оқитын бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан жел шаһардағы бірқатар нысандардың шатырын қиратып кеткен.
Автор: Әйгерім Шакаманова
25.10.2017
Кейбір жерлерде дауылдың жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жеткен. Бұған шыдас бермеген мына автотұрақтың шатыры ұшып кетіп, ауладағы қозғалысты бөгеген. Әйтеуір, зардап шеккендер жоқ. Күшті желге байланысты бүгін екінші ауысымда оқитын он мыңға жуық оқушы үшін сабақ тоқтатылды. Алдағы күндері қар жауып, қатты боран соғатынын ескерткен құтқарушылар тұрғындарды сақ болуға шақыруда.
Сергей Сытник, Павлодар облысы ТЖД бөлім бастығы:
–Тұрғындардан қажеттілік болмаған жағдайда, сыртқа шықпауды сұраймыз. Әсіресе, балалар үшін сақ болған абзал. Қатты дауыл әлі де сақталады деп күтілуде. Түрлі үйірмелерге баратын жеткіншектердің ата-анасыз қатынамауын ескертеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!