{metadescription}
Қызылжарға ерте түскен қыс тұғындарды әбігерге салды
Қызылжарға ерте түскен қыс тұғындарды әбігерге салды

Қызылжарға ерте түскен қыс тұғындарды әбігерге салды

Қызылжарға нағыз қыс келді. Кешелі бері соққан қарлы боран жолдарды аяқ астынан көктайғаққа айналдырып, көлік апаттарының  жиілеуіне себеп болды. Қысқы доңғалаққа көшіп үлгермеген жұрт енді күні-түні дөңгелек жөндеу орындарын торуылдап жүр. Ал синоптиктердің айтуынша, құбылмалы ауа райы айдың соңына дейін сақталады.

Кеше кешкісін басталып, түні бойы ұлыған боран теріскейлік жүргізушілер үшін тосын жайт болды. Көбі осы уақытқа дейінгі мамыражай күзге сеніп, көліктерінің доңғалақтарын да ауыстырмаған екен. Бұның ақыры жаппай көлік қақтығысына әкеліп соғуда. Мәселен мына бейнежазбада көктайғақтың кесірінен тізгінге ие бола алмай қалған машина  жол шетіндегі дүкенге барып соққаны көрініп тұр.

Ал мына бейнежазбадағы жол апаты облыс орталығын аудандармен жалғайтын көпірдің үстінде болған. Көктайғақтың кесірінен рөльге ие бола алмай қалған жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп, Газельмен соқтығысыпты. Осының кесірінен үлкен жүк машинасы аударылып, одан төгілген қиыршық тастан көпірді тазалауға бірнеше сағат уақыт кетті. Арақ-шарап тиеген Газельдің иесі де біраз шығынға батқан сыңайлы.

Баян Байғаскина, СҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы:

-Жол-көлік оқиғаларының 40 пайызы әдеттегідей көктайғақ басталған күннің бірінші екінші күндерінен  басталады. Өйткені жүргізушілеріміз жазғы дөңгелектерін қысқыға уақытында ауыстырмайды. ++мысалы өткен тәулікте жол-көлік оқиғасы туралы 5 хабарлама келіп түсті.

Кешелі бері доңғалақ ауыстыратын орындарда ұзын-сонар кезек. Бұрындары жеңіл көліктің төрт доңғалағын екі мың теңгеге ауыстыратын мамандар биыл оның бағасын үш жарым мыңға көтеріп жіберіпті. Бірақ ақшасына қарап жатқан ешкім жоқ, кезегі келсе болғаны.

Ербол Сыздықов, көлік жүргізушісі:

-Біраз жерге барып шықтық, бар жерде очередь екен. Осы жерде шамалы екен, осы жерге келдік.Жұрттар енді тұр. Жұмыстарының бәрі тоқтап тұр. Түнімен күнімен тұрғандар бар, иә.

Теріскейдің қысы биыл да кенеттен келетін әдетінен айнымады. Осыдан үш төрт күн бұрын ғана жып -жылы болып тұрған күн аяқ астынан бұзылып, қаланың коммуналдық қызметтерін де аяғынан тік тұрғызды. Кешеден бері қала жолдарын қардан тазалауға 30-ға жуық техника жұмылдырылыпты. Олар көшелерге тұз бен құм аралас қоспа төгіп жүр. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, қазан айының соңына дейін ауа райы құбылмалы болады екен. Мысалы, бүгін түнде -15 градусқа дейін суыйды.  Есесіне алдағы аптада мына қардың бәрі еріп, күн 5 градусқа дейін жылымақ. Мұндай құбылмалы ауа райында бір еріп, бір жауған қардың салдарынан көктайғақтың қатты болатыны анық. Ендеше бұл жағдай көлік тізгініндегілерді әлі де әбігерге салайын деп тұр.

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде