{metadescription}
Мәжіліске шикі заң жобасын әкелген министрдің басы дауға қалды
Мәжіліске шикі заң жобасын әкелген министрдің басы дауға қалды

Мәжіліске шикі заң жобасын әкелген министрдің басы дауға қалды

Мәжіліс жаңа Әкімшілік кодексін әкелген Әділет министрін кері қайтарып жібере жаздады. Үкімет жаңа құжатқа ақылға қонбайтын өзгерістер енгізген дейді депутаттар. Мәселен, тұтынушыны алдап, сапасыз тауар сатқандарға айыппұл төмендетідмек. Яғни, жұртты сан соқтырған кәсіпкерлерге барынша жеңілдік жасап отыр. Бірақ депутаттар бұл баппен мүлдем келіспейді. Мәжілісмендер керісінше, алаяқтарды қатаң жазалау керек деген пікірде.

Мәжілісмендердің Марат Бекетаевтың басынан сипап, мақтаған күні болған емес. Министр қандай құжат алып келсе де депутаттар әйтеуір бір шикілік тауып, сынап жатады. Бұл жолы да солай болды. Әділет министрлігі әзірлеген әкімшілік жазаға қатысты ұсыныстың көбі халық қалаулыларының көңілінен шыққан жоқ. Сонымен, Әкімшілік кодекске мынадай өзгерістер енген:

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

- Әкімшілік ұстау мерзімін 3 сағаттан 24 сағатқа дейін ұзарту  көзделген. Бұл түзету Ішкі істер министрлігінің ұсынысы негізінде әкімшілік қамаққа алу кезінде туындайтын практикалық мәселелерді шешуге бағытталған.

Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, адам қоғамдық жерлерде  бұзақылық жасаса, айналаға қоқыс лақтырып, әкімшілік тәртіп бұзса, бұрын 3 сағатқа түрмеге жабатын. Енді уақытша ұстау 24 сағатқа ұзартылыпты. Депутат Омархан Өксікбаев бұл өзгеріс қосымша қаржы талап етеді деп уайымдап отыр.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

- Әкімшілік жазаны 24 сағатқа дейін созамыз деп отырмыз ғой. Бұл да қосымша қаржыны талап етеді. Өйткені 3 сағаттан 24 сағатқа ұстайтын болсақ, оны ұстайтын орын керек. Осы Ішкі істер органдары осыны қамтамасыз ете ала ма екен? Ертеңгі күні біз түрме саламыз деп бізге тағы да ақша сұрап шығады. Осыны да есептеген жөн шығар.

Үкімет түрлі қитұрқылыққа салып, жұртқа құжатсыз тауар, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік, сапасыз киім-кешек сатқан кәсіпкерлерге айыппұлды 30 пайызға төмендетпек. Депутаттар бұл баппен де мүлдем келіспей отыр. Өйткені сауда орталықтарында күнде қаншама адам алданады дейді мәжілісмендер. Тіпті тұтынушының құқығын қорғауға жауапты Ұлттық экономика министрлігінің бұл өзгеріспен қалай келіскеніне таң.

Снежанна Имашева, Мәжіліс депутаты:

- Тауардың сөредегі бағасы мен кассадағы құны екі түрлі болып шығады, көбіне салмағы да сай емес. Және жұрт дәріхана мен тұрмыстық техника сататын дүкендерге жиі шағымданады. Яғни, айыппұлды төмендету негізсіз.

Полицейлердің айтуынша, биыл алданған он адамнан ғана шағым түсіпті. Азаматтар дер кезінде арыз жазбайды дейді Ішкі істер  министрлігіндегілер.  Сондықтан айыппұл да азайтылған. Дегенмен депутаттар бұл бапты екінші оқылымда тағы талқыламақ.

Сондай-ақ, депутаттар кәсіпкер заң бұзғанымен, қоғамға аса зияны тимесе, оны жазадан босату туралы бапты Әкімшілік кодекске қайтару керек деген ұсыныс жасады. Құжатты әзірлеген Әділет министрінің айтуынша, бұл мәселеге қатысты ортақ келісім жоқ. Мәжіліс залынан шыққан соң Марат Бекетаевтан жол ережесін бұзғандарға айыппұл көлемі қанша болатынын, жалпы әкімшілік жазаға енген өзге де өзгерістерді нақтырақ сұрап, білгіміз келген. Бірақ министр қашанғыдай журналситердің бір де бір сауалына жарытып жауап бермеді.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

– Көп айыппұлдар. Біз пресс-релизді шығарамыз, сол пресс-релизден сіз...

-ну, по факту...

-Дархан, у нас есть какая-то справка?

Әділет министрі Мәжіліске өзі алып келген заңда не жазылғанынан хабарсыз сыңайлы. Қаумалаған журналситердің ортасында тұрып қайта-қайта көмекшілеріне жалтақтаумен болды. Тағы бір жаңалық -  бұдан бұлай жеңіл қылмыс жасағандарды бірден жазаламайды, көп жағдайда алдымен ескерту алады. Депутаттар «Әкімшілік кодекс төңірегінде ұзақ тартысқанымен, құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжілісмендер Үкімет енгізген өзгерістерді жіті қарап шығып, екінші оқылылымда өз ұсыныстарын енгізбек.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде