{metadescription}
Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырысты Әблязовтың бергені расталды
Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырысты Әблязовтың бергені расталды

Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырысты Әблязовтың бергені расталды

Тәтішевті өлтіруге тапсырысты Әблязовтың бергені ақыры расталды. Экс-банкирке қаруды қасақана кезенгенін атышулы бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 13 жылдан соң мойындап отыр. Әблязовпен арадағы байланысын да ол жасырып отырған жоқ. Сол уақытта «Тұран Әлем Банкінің» негізгі акциясын иемденген Ержан Тәтішев қашқын миллиардерге жақпаған екен. Тоқмәдидің ағынан жарылған сұхбаты жайлы толығырақ тілші материалында.

Томәдидің «Тұран Әлем Банкінен» алған қарызын Әблязов неге кешіреді? Оның жауабы дайын. Әблязов бәсекелесінің көзі жойылған соң жұмсаған адамын сыйақымен жарылқау керек болған. Бір деректе белгілі бизнесмен, тағы бір жерде 90-жылдары аты шыққан «Депутатский корпус» қылмыстық тобының жетекшісі Мұратхан Тоқмәди осының бәрін айтып берді.

Мына кадрлар Мұратхан Тоқмәдидің осыдан 13 жыл бұрын құқық қорғау органдарына берген жауабы. Қайғылы оқиғаның қалай болғанын өз ыңғайына салып сипаттап жатыр. Тәтішевтің өліміне сол уақытта Тоқмәди бірден күдікке ілінген. Арада 13 жыл өткеннен кейін ол өзіне Әбілязовтың тапсырыс бергенін жайып салды.

МҰРАТХАН ТОҚМӘДИ:

-  Ол Ержанның көзін жою керектігі жөнінде ұсыныс жасады. Бұл іс аңшылық кезінде байқаусызда болған оқиғадай жүзеге асуы керек еді. Ол былай болды. Қаруды маған беріп жатқан кезде мен атып жібердім. Ержан сол жерде өліп кетті. 

Ал, қылмыстың ізін жасырып, сараптама нәтижесін өзгерту үшін Тоқмәди сарапшыларға 20 мың доллар бергенін айтады. Ал, оның есесін БТА тізгініне келген Әбілязовтің қаржылай қолдауымен қайтарған. «Мурка» лақап атын иемденген кәсіпкердің кезінде қолы ұзын болғаны сонша, әйелі екеуі 2005-2006 жылдары офшорлық компаниялар ашып, ақшаны баса берген екен. Ол да тергеу материалдарынан белгілі болып жатыр.

ЕРЛАН АЮПОВ, Е. ТӘТІШЕВТІҢ БҰРЫНҒЫ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

- Одна компания была открыта Алму Шалабаеву... Бір компания Алма Шалабаеваның, екіншісі Мұратханның өз атына ашылған. Екі компания арасында тығыз байланыс болған. Бір-біріне айтарлықтай қомақты қаражат аударып отырған.

Қомақты қаражат та төбеден түспеген. Бір кездері «КазСтройСтекло» зауытын бірге аяққа тұрғызған бизнес-әріптесіне қоқан-лоққы көрсетіп, оның үлесін өзіне жаздырып алыпты. Дегені болып тұрған шақта аяғын алшаң басқан бір кездегі Мурка бүгінгі Мұратхан Тоқмәди өзінің бұл хәліне Әблязовті кіналайды.

Осылайша 13 жыл бұрын жалған деректермен жабылған Тәтішев ісі қайта ашылып отыр. Енді еліміздің құқық қорғау орындары Әбілязовке кісі өлтіруге тапсырыс бергені үшін қайта іздеу жариялауы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде