{metadescription}
Шымкентте өрт газ қазандығының жарылуынан шыққан болуы мүмкін
Шымкентте өрт газ қазандығының жарылуынан шыққан болуы мүмкін

Шымкентте өрт газ қазандығының жарылуынан шыққан болуы мүмкін

Шымкентте бүлдіршіннің өмірін қиған өрт газ қазандығының жарылуынан шыққан болуы мүмкін. Көпқабатты үйдің 3-ші қабатынан шыққан жалын тұрғындарды әбігерге салған еді. Өрт сөндірушілер мен полицейлер отқа оранған пәтер ішінен бірнеше баланы шығарып үлгерген.

Оқиға орнына 5 өрт сөндіру көлігі мен оннан астам қызметкер дер кезінде жеткенімен, жалындап жатқан үйге жақындауға аулада бей-берекет қойылған көліктер тосқауыл болған. Жете сала подъездегі жұрттың бәрін қауіпсіз жерге көшірген мамандар бірнеше тұрғынға медициналық көмек те көрсетіпті. Өкініштісі сол, улы газға тұншыққан 5 жасар баланы ауруханаға жеткізгенімен ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Істің жәй-жапсарын тексеріп жатқан төтенше жағдайлар департаменті өрт пәтердегі газ құрылғысының жарылуынан шығуы мүмкін деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде