{metadescription}
Украина депутаттары Киевтегі жарылысқа Ресейді айыптады
Украина депутаттары Киевтегі жарылысқа Ресейді айыптады

Украина депутаттары Киевтегі жарылысқа Ресейді айыптады

Игорь Мосийчук Киевтегі жарылысқа Ресейді айыптады. Украина Радасы депутатының ойынша, терактіге тапсырыс бергендер Мәскеу төрінде отырғандар болуы мүмкін.

Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко да лаңкестік әрекетке Ресей арнайы қызметтерінің қатысы болуы мүмкін екенін айтып отыр. Олардың пікірінше, бұл Украинада мемлекеттік тұлғаға жасалған бірінші ірі шабуыл. Айта кетсек, кеше кешке Киевтегі «Еспресо ТВ» телеарнасы ғимаратының алдында жарылыс болған. Болжам бойынша, мотоциклге байланған бомба іске қосылып, телеарнадан шығып келе жатқан Жоғарғы Рада депутаты Игорь Мосийчук пен тағы 4 адамды жараланды. Ал депутатты құтқарып қалған 30 жастағы оққағар ауруханаға жетпей көз жұмған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде