Премьер-министр әкімдерді пысық болуға шақырды
Ақтауға жұмыс сапарымен барған премьер-министр әкімдерді пысық болуға шақырды. Қазынадан әлеуметтік мәселеге бөлінетін ақшаны алдымен іскер басшысы бар аймақтар алатынын айтты.
Автор: Жаңалық Ахаш
26.10.2017
Маңғыстаулықтармен жүздескен Бақытжан Сағынтаев әңгімесін әзілмен бастады. Бар мәселенің ақшаға тірелетенінін айтқан үкімет басшысы қаржы министрін әдейі ертіп келмегенін жеткізді. Дегенмен, тұрғындардың Сағынтаевқа қойған сұрақтары көп болды. Өйткені мұнайлы өңір әлі күнге дейін ауыз суға жарымай келеді. 12 жыл бұрын іске қосылған су сүзетін зауыттың күшін көбейту үшін қосымша қаржы керек. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында мектеп пен емханалар жетіспейді. Биылдыққа бұл аймақта небәрі сегіз мектеп салыныпты. Олардың әлі құрылысы бітпеген. Дегенмен, білім ошақтарын салуға үкімет басшысы кәсіпкерлерді тарту керектігін айтты.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:
-Іскер, жылдам әкімдер бар. Жылдам әкімдер алдынан орап өтіп, ауызындағысын жырып әкетітіндер бар кезексіз. Қазір айтып отырғанымыз мектептердің бәрін шешімін табу үшін по душевой финансирование. Кәсіпкер осы по душевой финансиование жұмысы өзі салады да, бір үш бес жыл көлемінде шығарған қаржысын үкімет бірте-бірте қайтарып береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!