{metadescription}
Сенаторлар Қытайдағы қазақтардың тағдырына алаңдаулы
Сенаторлар Қытайдағы қазақтардың тағдырына алаңдаулы

Сенаторлар Қытайдағы қазақтардың тағдырына алаңдаулы

Сенаторлар Қытайдағы қазақтардың да тағдырына алаңдаулы. Депутаттар соңғы кезде «Шыңжаң автономиялық аймағы мен Синьхай, Ганьсу провинцияларында тұратын қандастарымыз қысым көруде, құқығы тапталуда» деген ақпаратты жиі естіп жүр екен. Бүгін сенатор Нұрлан Қылышбаев осы мәселенің қаншалықты шындыққа жанасатын тексеруді сұрап, премьерге сауал жолдады. Қазір жоғары палатаның жалпы отырысынан оралған астаналық әріптесім тікелей эфирге қосылғалы тұр.

Қайырлы күн, Ерланби! Негізі «Қытайдағы қазақтар қысым көруде» деген әңгіме жазда Астанада өткен Дүниежүзілік қазақтар құрылтайында  айтылған. Содан бері Үкімет бұл шағымға қатысты ресми ақпарат таратпады. Қандастарымыздың тағдыры Қытай тарапымен талқыланғаны не, талқыланбағаны да беймәлім.

Яғни, шенеуніктер бұл мәселені «жабулы қазан күйде» қалдырған соң, сенаторлар бүгін премьерге сауал жолдады. Депутаттар Қытайдағы Шыңжаң автономиялық аймағы мен Синьхай, Ганьсу провинцияларында  тұратын қазақтар қысым көру деген ақпаратты жіті тексеруді талап етті.

Нұрлан Қылышбаев, Сенат депутаты:

- Ақпараттық кеңестік пен әлеуметтік желілердің ішінде Шыңжаңда да қоныс тепкен 1 жарым миллионнан астам қандастарымыздың заңдық құқықтарының шектелуі жөнінде әңгіме кеңінен таралып келеді. Шынымен де қазақ этнос өкілдері қысымдық көріп келе ме?

Бұл мәселге Сыртқы істер министрлігі араласуы тиіс. Өйткені, депутаттардың айтуынша, Қытайдағы қандастарымыздың діни құқықтары бұзылған, шетелге шығуға шектеу қойған, тіпті, оралмандық алу үшін рәсмдеген құжаттарын қайтаруды талап етуде екен. 

Сауал жолдаған Нұрлан Қылышбавтан біз де сұрадық.  Депутаттар  әзірге ешқандай әрекет жасамапты. Үкіметтің жауабын күтпек.

Нұрлан Қылышбаев, Сенат депутаты:

- Сол, айтып жатырмыз ғой. Біз бірніші жауапты алайық. Содан кейін қарастырамыз, ойланамыз. Себебі ол өте жай мәселе емес.

Сенаторлар шетелдегі ғана емес, еліміздегі азаматтардың да өміріне алаңдаулы. Депутат Дархан Қалетаевтың айтуынша, тозған су бөгеттерінен үлкен қауіп төніп тұр. Дамбалардың көбі ескірген. Ал гидротехникалық тоғандарды қадағалап отырған бір де бір мемлекеттік орган жоқ.

Дархан Қалетаев, Сенат депутаты:

- Қазақстанда 1665 гидротехникалық бөгеттеің 392-сіне шұғыл жөндеуден өткізу керек. Олардың көбі иесіз қалған. Сәйкесінше техникалық жағдайы қауіпті. Салдарынан жылда су тасқыны болады да, бюджетке  ондаған миллион доллар шығын келеді.

Қалетаев сейсмологиялық институттардың бар деген аты болғанымен,  пайдасы жоқ. Ондағы құрылғылардың бәрі ескірген. Жер сілкісінісі бола қалса, шұғыл ақпарат алу мүмкін емес дейді депуттар. Сондықтан құтқарушылар шетелдік мамандардың мәліметіне мұқтаж. Сенаторлар сейсмологиялық, гидротехникалық саланы түбегейлі жаңартуды ұсынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде