Жол картасына қол қоюдан бас тартқан қазақ Үкіметінің әрекетін сенаторлар түсіндіріп берді
Жол картасына қол қоюдан бас тартқан қазақ үкіметінің әрекетін сенаторлар түсіндіріп берді. Айтуларынша экономикалық қарым қатынасты реттейтін құжатқа еліміздің көңілі толмай, толықтыруға жіберген. Бұл көрші елдер арасындағы алыс-беріске еш әсер етпейді дейді депутаттар.
Автор: Досжан Маратұлы
26.10.2017
АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
- Бұл жұмыс процесі. Әлі де болса мемлекеттер арасында келіссөздер жүреді. Жол картасына қол қойылмады деп Бұған мысалы үлкен трагедия я болмаса мемлекет арасындағы қарым-қатынастың үзілуі деп қарамау керек.
Қазақ-Қырғыздың экономикалық қарым-қатынасын реттейтін құжатты жасау туралы екі елдің премьер-министрлері өткен аптада келіскен. Бірақ, айырқалпақты ағайын өз міндеттемелерін толық орындамаған соң, жол картасын қабылдау мүмкін болмай тұр. Өйткені, қырғыз кәсіпкерлері Қазақстанға салық төлеуден әлі жалтарып келеді. Яғни, Қытайдан миллиондардың затын алып шығып, еліміздің шекарасына келгенде тауар құнын жалған құжат арқылы төмендетіп көрсетеді. Сәйкесінше, осы қулықтың көмегімен салықты да азырақ төлейді. Ал, соның кесірінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер миллиардтардан қағылып отырғанын күні кеше премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!