Президент латын әліпбиінің соңғы жобасын қабылдауға пәрмен берді
Президент латын әліпбиінің соңғы ұсынылған жобасын қабылдау туралы жарлық дайындауға пәрмен берді.
Автор: Азамат Алдоңғаров
26.10.2017
Бүгін Ақордада Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков пен оның орынбасары Марат Тәжинді қабылдаған мемлекет басшысы соңғы нұсқа ең тиімді екенін айтты. Халық арасында біржақты, оң пікір бар дейді президент. Қазақ тілінің де төл дыбыстары сақталған. Сондықтан латын әліпбиіне көшуді көп созбай, жұмыс комиссиясы іске кірісулері тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
–Менің тұжырымдауымша барлығында консенсус бар. Ғалымдар, тіл мамандары, саясаткерлер, жастар, ассамблея, басқа халықтардың ой-пікірін білдік. Жалпы қоғамда қолдау бар. Солай ғой? Ал енді әрі қарай жүру үшін мен арнайы жарлыққа қол қойып, шығаруым керек. Жұмыс істейтін, енгізетін комиссияға жол ашуымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!