{metadescription}
Еліміздің оқушылары республикалық спартакиадада өзара мықтыны анықтайды
Еліміздің оқушылары республикалық спартакиадада өзара мықтыны анықтайды

Еліміздің оқушылары республикалық спартакиадада өзара мықтыны анықтайды

Қазақстанның 6 мың мектеп оқушысы республикалық спартакиадада өзара мықты анықтайды. Бұл спорттық дәрежесі жоқ балалар арасындағы ел тарихындағы ең ауқымды шара болғалы тұр.

Астана мен Алматы қалалары және 14 облыстың бүлдіршіндерін спорттық сайыста сынайтын «SportFEST Kazakhstan» жобасы «Самұрық Қазына» қорының «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Тоғыз құмалақ, шахмат, футзал, үстел теннисі, әскери спорт, баскетбол бойынша аудан, облыс, қаладан іріктеліп келген бүлдіршіндер, ақтық сайыста Бурабайда кездеседі. Спартакиаданың барлық кезеңдерінің жеңімпаздарымен қатар, қатысушылары да құнды сыйлықтар алады. Ал сайысқа арнайы алынған спорттық жабдықтар кейін балалар үймелері, интернат, мектептерге тегін таратылмақ.

Құмар Бердалин, Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының қызметкері:

-Біз жобаның тиімділігіне сенімдіміз. Болашақты ең жақсы дүниежүзілік мектеп чемпионаттарына қатысуына мүмкіндігі бар. Оң жағынан жүзеге асуы әрі қарай спартакиада бағдарламасын басқа да спорт түрлері толықтырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.