Шетел валютасындағы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мерзімі ұзартылды
Шетел валютасындағы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мерзімі ұзартылды. Ұлттық банк екі бірдей девальвацияның кесірінен күйген азаматтарды осылай жарылқамақшы.
Автор: Досжан Маратұлы
26.10.2017
Бұрын мұндай мүмкіндік 2004-2009 жылдары доллармен ипотека рәсімдеген азаматтарға ғана берілген. Сол кезде 25 мыңнан астам азаматтың қарызын теңгеге ауыстыру үшін мемлекет 130 миллиард теңге бөлген еді. Енді Ұлттық банк қаржыландыру бағдарламасын арттырып, 2015 жылға дейін АҚШ ақшасымен несиеге үй алып, теңгенің құнсыздануынан артық тиын төлеп отырғандарға да қол ұшын созбақ. Олардың қарызы бір доллар 188 теңгеге тең болғандағы бағаммен қайта қаржыландырылады.
Александр Тереньтев, ҚР Ұлттық банкінің басқарма басшысы:
-Қаржыландыру бағдарламасына 2009-дан бастап 2015 –ші жылға дейін ипотека алғандар кіреді. Ешкімді бөліп жармай барлығының несиесін теңгеге ауыстырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!