{metadescription}
Клиенттің құпия мәліметін банктерге таратқан азамат жұмыстан қуылды
Клиенттің құпия мәліметін банктерге таратқан азамат жұмыстан қуылды

Клиенттің құпия мәліметін банктерге таратқан азамат жұмыстан қуылды

Клиенттің құпия мәліметін банктерге оңды-солды таратқан қызмет көрсету орталығынң инспекторы жұмыстан қуылып тынды. Өзінің мүлігі мен мекенжайы туралы анықтамаларды біреулердің жасырын алып жүргенін алматылық Анна Димитриевич байқаусызда біліп қойған. Сөйтсе, басқа емес, білдей Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы әйелдің порталына емін-еркін кіріп-шығып, ондағы ақпаратты коммерциялық ұйымдармен бөлісіп жүр екен. Жеке мәліметтердің жария болғанына қатысты жанжалға полиция араласып, ал анықтама бергендер шетінен қызметтен кетіп жатыр.  

Алматылық Анна Димитревич аты дардай «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясын сотқа бермекші. Айтуынша, тұрғындардың жеке мәліметі сеніп тапсырылған мекеме сервердегіні саудаға салғанға ұқсайды. Атап айтқанда, оның мүлігінің бар-жоғы жайлы анықтаманы басқа адамдарға берген.    

Анна Димитриевич, Алматы қаласының тұрғыны:

-Анықтамаларды алуға өтініш жазған емеспін. Яғни, менің құжаттарымды сыртымнан басқа біреуге беріп жіберген. Сонда қалай? Кім, не мақсатта менің құжаттарымды алып жүр? Онымен не істемек болған? Менің жеке электрондық кілтімді пайдалануға бұлардың қандай құқы бар? Енді келіп жағдайды айқай-шусыз шешейік деп өтініп жатыр.

Айтпай алынған қос бірдей анықтаманың астында Халыққа қызмет көрсету маманының қолы тұр. Инспектор клиенттің базасына екі кештің ортасында кіріпті. Бұл кінәсін қызметкер бірден мойындады. Айтуынша, «Глобал капитал» атты компания өтініш білдірген соң беріпті. Ал ол өз кезегінде банктерге қызмет ететін фирма болып шыққан. Халыққа емес, коммерциялық ұйымдарға қызмет көрсеткен қыз ақыры жұмыстан кетіп тынды.

Әсел Мамажанова, Алматы қаласы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының міндетін атқарушы:

- Жұмыстан шығарамыз, содан кейін ішкі істерге береміз материалды. Бөлімше бастығы да жұмыстан шығарылады. «Альфа» банктан сұраған, «Форте» банктан сұраған. Яғни, барлық банкке қызмет еткен болуы мүмкін.38:27 Сеніп қалдым дейді сол кісіге алып келем дегеніне сеніп қалдым, солай жасадым деп жатыр.

Ал Анна Димитриевичтің сыртынан мүлігі жайлы мәлімет жинап жүрген компания өкілі осы екен. Бірақ, банктерге ақпарат сату арқылы жан баққан фирма өкілі анықтама үшін мұнда мүлде аяқ баспағанын айтып, аяқасты ат-тонын ала қашты.

Ғалихан Мұхамеджанов, «Глобал капитал» компаниясының қызметкері:

-Сотрудник ЦОН-а мне не давала ничего, никакие справки!  -То есть она врет?  --Не знаю, пусть они свое расследование проводит, мы-свое! Ну я не знаю, может она взяла, может кто то еще взял.

Десе де, Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар өздерін ақтап, инспектор қызды құртқан осы дегеннен айнымай отыр.

Жеке мәліметті банктерге қызмет көрсететін компания өкілінің қолына ұстатып жіберген инспектор Халыққа қызмет көрсету орталығында бақандай жеті жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Яғни, күні кеше ғана келген жас маман емес. Бірақ соған қарамастан, әлгі өкілдің сенімхатты әне-міне әкеліп беремін деген сөзіне алданып қалдым деп ақталып отыр. Десе де енді небәрі 29 жастағы инспектор жұмыстан қуылып қана қоймай, осы әрекеті үшін бақандай бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір іске полиция араласты. Ел-жұрттың электрондық кілтін оңды-солды қолданған мекемеде тексеріс басталып кеткен. Ал Аннаның жағдайынан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығына мәліметінің қолды болғанын айтып шағымданушылар көбейіпті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде