{metadescription}
Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі ақыры реттеле бастады
Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі ақыры реттеле бастады

Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі ақыры реттеле бастады

Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі реттеле бастады. 5 күн ішінде «Қонысбаев» бақылау-өткізу пунктінің алдына 180-ге тарта жүк машинасы жиналып қалған болатын. Көлік кептелісіне Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алыс-берістің жиілеуі себеп.

Шекарада жиылған жұрт артып апара жатқан тауарымен не кері кете алмай, не шептен асып өте алмай бірнеше күннен бері бір орында тұрып қалған. Ал, шекара асқысы келетіндердің күрт артуына көрші елмен байланыс жақсарып, ары-беру өтудің жеңілдегені себеп болыпты. Басқаны былай қойғанда Оңтүстік Қазақстанның өзі көрші елмен тауар айналымын былтырға қарағанда15 пайызға өсіріп отыр. Бұл дегеніңіз 533 миллион долларды құрайды. Мұндай көлік нөпірін күтпеген кеденшілер абдырап қалса керек. Бірақ енді ес жиған тәрізді. Бірнеше күн бойы реттей алмай жатқан 180 көліктің бүгін 120-ға жуығын шекара асырған. Ал Қытайдан Қазақстан Өзбекстанға өткісі келетіндердің рұқсат қағазы болмай шыққан.

Темір Мырзахалықов, ОҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім басшысы;

-Қазіргі уақытта 180 автокөлік құралдарының ішінен шамамен 50 автокөліктері Өзбекстаннан рұқсат қағаздарының алынуын күтіп, өткізу пунктінің алдында тұр.        

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде