{metadescription}
Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

Жол картасына қол қоюдан бас тартқан қазақ үкіміттің әрекетін бүгін сенаторлар түсіндіруге тарысты. Қазақ-қырғыз арасындағы сауда экономикалық қарым-қатынасты реттеуі тиіс құжатқа ресми Астананың көңілі толмай, толықтыруға жіберген. Оның үстіне қырғыз кәсіпкерлері құйтұрқы әрекеттерін қоймаған екен. Сондықтан шекарадағы қатаң тексеру әлі жүріп жатыр. Ал, бұған шамданған айырқалпақты ағайын бүгін Бішкектегі қазақ елшілігінің алдында наразылықтарын білдірді. 

Жол картасы – қазақ-қырғыз арасындағы экономикалық жанжал мен шекарадағы дау-дамайды реттеуі керек болған. Бірақ, маңызды құжаттың бүгін-ертең қабылданатын түрі жоқ. Өйткені, оған біздің Үкіметтің көңілі толмай, толықтыруға жіберген. Сенаторлар бұл көрші елдер арасындағы алыс-берістің ушығуына әсер етпейді сендіруде.

АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:

- Бұл жұмыс процесі. Әлі де болса мемлекеттер арасында келіссөздер жүреді. Жол картасына қол қойылмады деп. Бұған мысалы үлкен трагедия я болмаса мемлекет арасындағы қарым-қатынастың үзілуі деп қарамау керек.

Жол картасын әзірлеу туралы екі елдің премьерлері өткен аптада келіскен. Бірақ, айырқалпақты ағайын алыс-берісті реттеуді өздері сұрап келіп, енді міндеттемелерін толық орындамай отыр. Яғни, қырғыз кәсіпкерлері салық төлеуден әлі жалтарып келеді екен. Қытайдан миллиондардың затын алып шығып, еліміздің шекарасына келгенде тауар құнын жалған құжатпен төмендетіп көрсетеді. Ал, соның кесірінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер миллиондарынан қағылып отырғанын Бақытжан Сағынтаев күні кеше Арменияда өткен жиында айтқан. Енді депутаттар да бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ деп отыр.

АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:

- Осыдан біраз жыл бұрын сүт тауарларына қатысты.Кейін мынау жеңіл өнеркәсіпке қатысты тауарларды тексеру күшейтілген болатын. Сол сияқты бұл да жоспарлы істеліп жатқан жұмыс. Сондықтан бұл Атамбаевтың айтқан сөздеріне қатысты емес.

Бірақ, Алатаудың ар жағындағы ағайын бұлай ойламайтын секілді.  Шекарадағы тексерісті әдейі күшейтіп, елімізді қыспаққа алып жатыр деген бір топ қырғыз азаматы бүгін Қазақстан елшілігінің алдында наразылыққа шыққан.  

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

-Қазақстанның Бішкектегі елшілігінің алдында 20-30 адамның қатысуымен наразылық шарасы өтті. Біздің ойымызша, ереуілге шыққан қырғыз азаматтары екі елдің шекарасындағы жағдайдан бейхабар болуы керек.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі жауапты осылай қысқа қайырды. Яғни, шекарадағы қатаң тексеріс заң бұзған қырғыз кәсіпкерлеріне қатысты ғана жүріп жатыр. Ары-бері қатынаған қарапайым халыққа тосқауыл жоқ. Сондықтан бауырлас елге бекер даурықпауға кеңес берді. Ал, дауға айналған жол картасын қабылдау жақын күндері қайта талқылануы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде