{metadescription}
Астанада Есілдің ортасында қалып қойған қыз бен жігітті жұрт әрең шығарып алды
Астанада көлік өзенге құлап кетіп, қыз бен жігіт судың ортасында қалып қойды. Батып бара жатқан машинаның үстіндегі екеуді Есілдің жағасында серуендеп жүргендер әрең шығарып алған. Оны куәгерлер ұялы телефонына түсіріпті. Міне, құтқарушылар арнайы техникамен машинаны да судан алып шығып, жерге қоюда. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші Subaruдың рөліне ие бола алмай, өзеннің жағасындағы қоршауды бұзып барып аударылған. Көліктің ішіндегі екі адам дереу ауруханаға жеткізіліпті. Басқа зардап шеккендер жоқ.
Автор: Жәудір Оразхан
26.10.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!