{metadescription}
Алматыдағы инсулин тапшылығы өзге өңірлерге жетті
Алматыдағы инсулин тапшылығы өзге өңірлерге жетті

Алматыдағы инсулин тапшылығы өзге өңірлерге жетті

Алматыдағы инсулин тапшылығы өзге өңірлерге де жетті. Осылай дабыл үкіметтік емес ұйым белсенділерінің айтуынша, енді Астана, Шымкент, Өскемен және Қарағанды сынды ірі қалалардағы науқастар инсулинді емге таппай қалуы мүмкін.

Еліміздегі инсулин дауы бір апта бұрын  Алматы қаласында басталды. Сол кезде тегін қысқа мерзімге әсер ететін инсулиннен қағылған науқастар қаладағы ақылы дәріханаларды жағалап кеткен болатын.  Ал, үкіметтік емес ұйымдардың дерегінше, инсулиннің жетіспеуіне аталмыш препаратқа берілетін мемлекеттік тапсырыс пен сырқаттардың саны сәйкес келмейтіні себеп болып отыр. Әрине, құзырлы орындар да науқастар есебі жылдан-жылға өсіп келе жатқанын мойындап отыр. Бірақ, қан диабетімен ауыратындардың қатары жыл сайын артқанымен, тегін берілетін инсулинге бөлінетін қаржы сол күйінде қалған. Тек, былтыр  алты, ал, биыл 8 миллиард қаражат бөлінгенімен, теңгенің 100 пайыз құнсызданғаны ескерілмепті. Соның кесірінен инсулин тапшылығы өзге өңірлерді  шарпуы мүмкін дейді сараптама жүргізген мамандар.

Лейла Жұбандықова, Қазақстан диабет қауымдастығының президенті:

-Шындығында қай қалада қатты тапшылық болып жатқанын айтудың өзі қиын. Бірақ, науқастар қатары артқан Шымкент, Өскемен, Алматы, Қарағанды және Астана сынды ірі қалаларды нақты мысал ретінде айта аламыз.

Қазір елімізде инсулин ауадай қажет, яғни қан диабетімен ауыратын ресми түрде 300 мыңға жуық адам тіркелген. Олардың қатары жылына 7-8 пайызға өседі. Дегенмен, сырқатына мән бермей, тіркелмей жүрегендердің саны бір жарым миллионнан асып кетіпті.

Қазір қысқа мерзімге әсер ететін инсулиндер Алматыға Қостанай мен Павлодар қалаларынан әкелініпті. Айдың соңына дейін  жететін осы қор таусылса, әрі қалай не болатыны белгісіз дейді үкіметтік емес ұйымның өкілдері. Ал, елдегі инсулин тапшылығының алдын алу үшін қазір тендер жарияланып жатқан көрінеді.

Лаура Даниярова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс эндокринологы:

-Қазанның он бесінде тендер жарияланды. Соған сәйкес 20 күннің ішінде дәрі-дәрмекті препараттарды жеткізуші компаниялар құжаттарын ұсынады. Былтырғы тәжірбиемізге сүйенсек, препаратты жеткізу тұрғысында ешқандай мәселе болмаған. Биылғы туындаған дау шешімін тауып жатыр.

Алайда, мән-жайды саралап отырған белсенділер, жылына бір рет ойнатылатын тендер негізінен тамыз-қыркүйек айларында жариялатынын, не себепті кешіккенін түсінбейміз дейді. Сондай-ақ, бұдан бұрын даудың бір ұшы препаратты тасымалдаушы «СК-Фармация» компаниясына тиіп,  басшылықтағы қайта құруға байланысты инсулинді жеткізу уақыты кешіктіріліп жатқаны айтылған. Бірақ, бүгін бұған қатысты ешкім жұмған аузын ашпады. Естеріңізге салсақ, қыркүйек айында жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро «СК-Фармация» компаниясының басшысын ұстап, кейін оған мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде