Семейде ғаламтор арқылы жалған жарнамаларға алданып қалғандардың қатары артып барады
Жыл басынан бері осы тұрғыда жергілікті полицияға 64 шағым түскен. Алданғандардың басым бөлігі автокөліктердің қосалқы бөлшектерін арзан бағамен сатып алмақ болған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
27.10.2017
Осылайша көрші елдерден арзан бағаға тікелей жеткізіп бермек болғандарға жұрт, қомақты қаражатты алдын ала аударған. Олардың алды 600 мың теңгесін, соңы 200 мың теңгесін жіберіпті. Полициядағылар жұртты сан соқтырған бір алаяқтың Қостанай қаласында ұсталғанын айтты. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, оның арбауына түсіп қалғандардың қатары елімізде көп болуы мүмкін.
Мақсат Зекенов, Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары:
-Қазір өзекті мәселе болып тұр. Көбі затты ғаламтор арқылы алады. Ал оны сататын адамды танымаса да, сене салады. Тіпті арзан болғандықтан ақшасын бірден аударып жіберуде әдетке айналған. Негізі, қымбат тұратын заттарды ешкім арзанға шеттен әкелмейді ғой. Сондықтан жұрт алаяқтардан сақ болуы қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!