Қара алтын қымбаттай түсті!
Әлемдік нарықтағы мұнай құны 59 доллардан асты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
27.10.2017
Brent маркалы шикізат мұндай бағаға 1 жылдан бері көтерілмеген. Оның баррелі 59 доллар 39 центтен саудаланса, WTI-дың құны 52 доллардан асқан. Сарапшылар бұған ОПЕК-тегі жаңалықтардың еш қатысы жоқ дейді. Мұнай құнына оң әсер еткен еуропалық орталық банктің еуроаймақтағы қаржы ұйымдарына пайызсыз несие беру уақытын тағы 2 жылға ұзартуы. Ал, қара алтынның қымбаттауы біздің экономикамыз үшін тиімді болуы тиіс. Бірақ, мұнай құнының көтерілгені сол екен, бүгін теңге, керісінше, әлсіреп кетті. Қор биржасындағы таңғы саудадан кейін, 1 доллар 334 теңгеге тең болды. Ал, кеше теңге бағамы 333-ті құраған. Дәл қазір ақша айырбастау орындарында Ұлттық валютамыздың АҚШ ақшасына қатысты бағамы 335 болып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!