Петропавлда көктайғақтың кесірінен екі күнде жүзден астам адам зардап шекті
Арасында жағдайы тым мүшкілдері де бар дейді дәрігерлер. Тұрғындар бұған көшелерге құм мен тұз сеуіп үлгермеген коммуналдық қызметтегілерді кінәлап отыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
27.10.2017
Екі күн бойы бір еріп, бір қатқан қар теріскейліктерді әбден әбігерге салды. Осы күндері қалалық аурухананың жарақат бөліміне көктайғақтан зардап шеккен 100-ден астам адам келіпті. Көбі – көшеде құлап, аяқ-қолын сындырғандар. Аяғы сынып кеткен мына ер адамды дәрігерлер Есіл ауданынан жеткізді. Ақ халаттылардың айтуынша, бұлай зардап шеккендерді аяғынан тұрғызу үшін ұзақ емдеу керек.
Валерий Грибашев, дәрігер-травматолог:
-Түске дейін-ақ алпысқа жуық адам келді. Тәжірибеме сүйсеніп айтсам, кешке жарақат алғандар тіпті көп болатыны анық. Қар күндіз еріп, кешке қатып жатыр. Ең қауіптісі де осы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!