{metadescription}
Астанада жұрттың көзінше тұрғынды сабап тастаған азамат қамауға алынды
Астанада жұрттың көзінше тұрғынды сабап тастаған азамат қамауға алынды

Астанада жұрттың көзінше тұрғынды сабап тастаған азамат қамауға алынды

Астананың қақ ортасында қанды оқиға! Танымал сауда орталығының дәл алдында екі адам жанжалдасып қалып, бірі екіншісін  қан-жоса етіп сабап тастады. Құлап жатқан жігітті куәгерлер ұялы телефонға  түсіріп алған.

Міне, көліктердің арасында ер-адам сұлап  жатыр. Таяқ жеген 33 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Миы зақымданған және кеудесінен жарақат алған. Ал оны соққыға жыққан 35 жастағы азаматты полицейлер бірден ұстап, изоляторға жапты. Бірін-бірі танымайтын екеу жанжалдасып қалып, соңы төбелеске ұласқан екен. Күдіктінің айтуынша, таяқ жеген адам мас болған. Себепсіз балағаттап, намысына тиіпті. Қанды оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде. Сондай-ақ, сақшылар қан-жоса болып жатқан жігіттің қалтасын тінтіп, белгісіз бір затын алып кеткен адамды да іздестіруде. Ал төбелес болған сауда орталығының алды  әлі қанға боялған күйде  жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде