{metadescription}
Петропавлда көктайғақтың кесірінен ауруханаға түскендер көбеюде
Петропавлда көктайғақтың кесірінен ауруханаға түскендер көбеюде

Петропавлда көктайғақтың кесірінен ауруханаға түскендер көбеюде

Екі күнде жүзден астам адам зардап шеккен. Дәрігерлердің атуынша, олардың арасында хәлі тым мүшкілдері де бар. Тұрғындар бұған көшелерге құм мен тұз сеуіп үлгермеген коммуналдық қызметтегілерді кінәлап отыр. Ал синоптиктер алдағы күндері еліміздің солтүстік аймақтарында бұрқасын боран соғатынын ескертті.

Екі күн бойы бір еріп, бір қатқан қар теріскейліктерді әбден әбігерге салды. Осы күндері жергілікті аурухананың жарақат бөліміне көктайғақтан зардап шеккен 100-ден астам адам келіпті. Көбі көшеде  құлап, аяқ-қолын сындырғандар. 

Людмила Поротикова, зардап шегуші:

-Түсінесіздер ме, бәрінің кенеттен болғаны сонша тіпті қорқып та үлгермедім. Әріптесім екеуміздің жұмысқа бара жатқан бетіміз еді. Тез де жүрген жоқпын, етігімнің табаны да тайғанақ емес еді. Міне, аяқ астынан,  қолымды сындырып алдым.

Ал аяғы сынған Юрий Реськовты дәрігерлер Есіл ауданынан жеткізді. Ақ халаттылардың  айтуынша, бұлай зардап шеккендерді аяғынан тұрғызу үшін ұзақ емдеу керек.

Юрий Реськов, зардап шегуші:

-Көше тайғанақ-тұғын, кенеттен құладым.  Аяқ киімім де ыңғайсыз болатын. Қаланың көшелеріне әупірімдеп құм себеді, ауылдық жерде ол  да жоқ. Соның кесірінен, міне , жарақат алдым. Әлі қанша жатарымды кім білсін?

Аурухананың жарақат бөліміндегілерге екі күннен бері тыным жоқ. Кеше елуден астам адамды қабылдаған оларға жедел жәрдем көлігі бүгін де  келуін жиілеткен.  

Валерий Грибашев, травматолог-дәрігер: 

-Түске дейін-ақ алпысқа жуық адам келді. Тәжірибеме сүйсеніп айтсам, кешке  жарақат алғандар тіпті көп болатыны анық.  Қар күндіз еріп, кешке қатып жатыр. Ең қауіптісі де осы. 

Қолайсыз ауа-райы Қызылжар әуежайының да жұмысын қиындатты. Аптасына үш-төрт-ақ рейс қабылдайтын нысанға қонуы тиіс ұшақтар боранның кесірінен жолаушыларды Астанаға дейін ғана тасып жатыр.

-"Қазгидромет" алдағы күндері Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында секундына 23 метрге дейін бұрқасын жел тұрады деп дабылды ескерту жариялап отыр. Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ әлі де жалғасуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, айдың соңына дейін ауа райы  осылайша құбылмалы болмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде