{metadescription}
Алматыдағы арты жанжалға ұласқан жеке мәліметтерді тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматыдағы арты жанжалға ұласқан жеке мәліметтерді тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы арты жанжалға ұласқан жеке мәліметтерді тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Азаматтар жайлы ақпараттарды жасырын алып жүргендердің мәселесімен енді бірнеше құзырлы мекеме айналыспақ.

Атап айтқанда, бұл істі Бас прокуратура мен жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюродағылар да екі жақтап тергейтін болды. Яғни, анықтаманы қолдан-қолға бергендер тек жұмыстан ғана қуылып тынбайды. Олар «құпияны ашу» және «қызметін асыра пайдалану» деген екі бап бойынша да жауап бермек. Естеріңізге салсақ, Алматы тұрғыны Анна Димитриевич сыртынан бәз біреулердің мүлігі мен мекен-жайы туралы анықтама алғанын айтып, байбалам салған еді. Кейін анықталғандай, Халыққа қызмет көрсету орталығы инспекторы оларды банктерге қызмет көрсететін коммерциялық ұйым өкіліне алып берген. Осы әрекеті үшін инпектор жұмысынан қуылғанымен, азаматтар жайлы анықтаманы заңсыз алдырған «Глобал капитал» компаниясының  басшылары жұмған ауыздарын ашар емес. Мән-жайды түсіндірмек түгілі, тілшілерді табалдырығына да жолатпады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде