{metadescription}
Елімізде авиация саласындағы бірталай былық әшкере болды
Елімізде авиация саласындағы бірталай былық әшкере болды

Елімізде авиация саласындағы бірталай былық әшкере болды

Түрлі апаттардан кейін ауқымды тексеріс жүргізген Бас прокуратура ұшқыштардың тең жартысының әуе кемесін тізгіндеуге рұқсаты болмағанын анықтады. Тіпті, адам шығыны болмаса, Азаматтық авиация академиясына дейін апаттарды жасыруды әдетке айналдырыпты. Әуе кемесінің құлауына не себеп? Апаттың алдын алу үшін қайтпек керек?

Қазақстанда ұшақ апатының алдын алуға жауаптылар енді ғана кіріскендей. Бүгін ардагер ұшқыштардан бастап, Азаматтық авиация комитеті мен Көлік прокуратурасы әуе қауіпсіздігін қалай күшейтеміз деп бас қатырды. Ал, бұл ретте мәселе шаш-етектен. Алғашқысы - кәсіби пилоттың жетіспеуі. Оның үстіне еліміздегі ұшқыштардың тең жартысының әуе кемесін тізгіндеуге рұқсаты жоқ екен.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

-Пилоттардың кәсібилігіне қатысты туындайтын сұрақ көп. Өйткені, әуе апатының 15 пайызы осы ұшқыш тәжірибесінің жетіспеушілігінен болады. Біз еліміздегі екі мыңнан астам пилоттың тек 1300-інің ғана ұшуға құқы барын анықтадық. Сәйкесінше жартысы заңсыз ұшып жүр.

Апаттың жиілеуіне кәсіби ұшқыштың тапшылығы ғана емес, әуе кемелерінің әбден ескіруі де себеп. Әсіресе, АН-2 секілді шағын ұшақтардың басым бөлігі 30 жылдан асқан. Бір қызығы осы ескірген әуе көліктерінің техникалық жағдайы туралы комитеттегілер де, прокурорлар да білмейді екен.

Алмас Аманов, Бас көлік прокуратурасының басқарма басшысы:

- Шамамен 300-ге жуық ұшақтың техникалық жағдайы туралы белгісіз. Өйткені, олар сертификатциядан өтпеген. Жазда осындай ұшақтың бірі Алматыда құлаған болатын.Сондықтан апат қайталанбас үшін бұларға көкке көтерілуге тыйым салу керек.

Ал, қазір Қазақстан  әуе қауіпсіздігі жағынан ТМД елдері арасында көш соңында тұр. Бұған себеп те жоқ емес. Небары он айдың ішінде 9 апат болып, 11 адамның көз жұмғаны белгілі. Қаза тапқандардың бірі Азаматтық авиация академиясының курсанты. Тамыз айында оқу жаттығу үшін көкке көтерілген ұшақ құлап жас жігіт инструкторымен бірге қаза тапқан болатын. Бүгін марқұмның ұшқыш атасы немересінің өліміне комитетті кінәлады.

ӘБІШ МӘКІШЕВ, АРДАГЕР ҰШҚЫШ:

-Курсант летал в горном аэродроме, где нет запасных площадок, медицинского обслуживания, медобеспечения, нет руководителя полёта. Отсюда я потерял внука! Внука потерял! А вы говорите" О чём говорите? Где Комитет? Кто допустил?

Ал, комитет болса, тергеу әлі жүріп жатыр дегеннен басқа ештеңе айтпады. Бір айта кетерлігі академиядағы осы қайғылы жағдайдан соң, оқу орыны тағы бірнеше ұшақ апатын жасырғаны анықталған. Бірақ ол кезде адам шығын болмапты. Енді мұндай апаттардың алдын алу үшін  ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылаушы орган құрылуы мүмкін.  

- Өйткені  ұшақтың аман-есен жерге қонуы тек пилотқа ғана байланысты емес. Жерде әуе кемесіне бағыт-бағдар беріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндердің жауапкершілігі көп. Бірақ аспан мен жердегілердің арасында тығыз байланыс жоқ. Сондықтан қадағалаушы ұйым құрып, қауіпсіздік деңгейін барынша көтермесе болмайтын түрі бар. Енді қауіпсіздікті көтеру үшін жақында жұмыс тобы құрылмақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.