{metadescription}
Ақыры апостроф таңдалды: Латын әліпбиін үйрететін телесабақтар пайда болды
Ақыры апостроф таңдалды: Латын әліпбиін үйрететін телесабақтар пайда болды

Ақыры апостроф таңдалды: Латын әліпбиін үйрететін телесабақтар пайда болды

Бүгіннен бастап Қазақстан латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшу процесін бастады. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі қаріптерін кириллицадан латынға ауыстыру туралы тарихи жарлыққа қол қойды.

Енді Үкімет жақын арада жаңа әліпбиді бекітуі тиіс. Ол үшін алдымен  ұлттық комиссия құрылады. Сөйтіп, 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен латын графикасына толық көшіп болу керек. Президенттің көңілінен шыққан әліпбиде 9 әріп апострофпен берілген. Мәселен, «ә» дыбысын жазу үшін  «а»-ның жоғары жағына үтір қойылады. «О»-да  үтір болса, «ө» деп оқылады.  Сондай-ақ, қазақ тіліндегі қысқа «й» мен ұзақ «и» латынның «ай» әріпіне, екі «х» «эйч» әріпіне бірікті. Ал Щ, Ц, Я, Ю, Э мен жуан және жіңішкелік белгісі мүлдем жоқ. Сонымен, 42 қаріптен 32-сі қалды. Елбасының Жарлыққа қол қойғаны сол екен, интернетте жаңа әріптердің жазылуы мен айтылуы келтірілген роликтер пайда болды. Онда әліппе, әуежай, бесік, домбыра сынды сөздер мысалға келтірілген. Сондай-ақ, арнайы жұмыс тобының мамандары жұрт арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дана Жаңабекқызы, Латын әліпбиіне көшу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

- Біздің ең басты мақсатымыз – өзіміздің тіліміздегі  төл сөздердің және солардың табиғатын сақтайтын әріптер қабылдау. Бұл әліпбиде қазақ тіліндегі дыбыстарға таңба беретін боламыз. Яғни, кирилл әліпбиіндегі әріптердің, ол жердегі артық таңбалардың немесе оның санының маңызы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде