Бес жылға бас бостандығы шектелген Гүлнар Кәрімова жақын күндері тағы да сотқа тартылмақ
Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтың басынан бақ тайған қызы туралы жаңа деректер Швейцария прокуратурасының ел үкіметіне жолдаған сауалынан соң анықталып отыр.
Автор: Мақсат Мәліков
30.10.2017
Себебі, Швейцарияның федеральдық прокуроры келесі аптада Ташкентке келіп, Гүлнармен жолығуды жоспарлаған екен. Бірақ, Өзбекстанның құзырлы орындары өтініштің орындалмайтынын, өйткені жақын арада Кәрімованың ісіне қатысты сот отырысы басталатынын айтыпты. Естеріңізге салсақ, осыдан бес жыл бұрын Швейцарияда сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқыруға қатысты қылмыстық іс қозғалып, Өзбекстанның 6 азаматы күдікке алынған. Сол дау барысында Кәрімованың да швейцариялық банктегі 800 миллион доллардан астам қаржысы бұғатталған еді. Сондай-ақ, өткен жазда Өзбекстанның Бас прокуратурасы марқұм президенттің қызын қаржы жымқыру мен бопсалауға қатысы бар деп, бес жылға бас бостандығын шектеген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!