{metadescription}
Астананың мақтаулы «Сергек» камералары он көлікті қиратып кеткен қаскөйді  анықтай алмай жатыр
Астананың мақтаулы «Сергек» камералары он көлікті қиратып кеткен қаскөйді  анықтай алмай жатыр

Астананың мақтаулы «Сергек» камералары он көлікті қиратып кеткен қаскөйді анықтай алмай жатыр

Сол жағалаудың элиталы үйлерінің бірінің тұрғындары таңертең темір тұлпарларының айналарын біреу қасақана сындырып кеткенін көрген.

Көлік иелерінің сөздерінше таңғы сағат 6-7-лердің шамасында көліктердің дабылы соққан. Бірақ тұрғындар міз бақпай жата беріпті. Ал ауладағы бақылау камераларына мына азамат түсіп қалған. Ол көліктерді жағалай жүріп, айналарды сындырыпты. Таспаның сапасы нашар. Бірақ жоғары сапада бейне түсіреді деп жарнамаланған «Сергек» камералары да қылмыскердің жүзін тани алмай отырған көрінеді. Оқиға орнына келген полицейлер бастапқыда азаматтарды тіпті шағым жазбауға үгіттеген екен. Он көлік иесінің бірі Жанар, қаскөйдің ұсталуын күтпей айнасын 115 мың теңгеге жөндетуге мәжбүр. Ал шығынын кімнен өндірерін білмейді.

Жанар  Әлиева, зардап шегуші:

-Шағымды төрт-ақ адам жазды. Өйткені полицейлер шығын 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, қылмыстық іс қозғамаймыз деді. Өкінішке қарай жоғары сапалы делінген екі мың Сергек камералары да түк көрмепті. Бір сағат бұрын учаскелік полицейге хабарласқам, қылмыскердің бет-жүзі көрінбейді, қай жаққа кеткені де белгісіз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде