Астанада жас жігітті өлімші етіп сабаған күдікті екі айға қамалды
Енді ол тергеу аяқталғанша абақтыда отырады.
Автор: Жәудір Оразхан
30.10.2017
Қазір полицейлер екеу арасындағы қақтығыстың неден шыққанын анықтауда. Сондай-ақ, сақшылар қан-жоса болған жігіттің қалтасын тінтіп, белгісіз затын алып кеткен адамды да іздестіруде. Естеріңізге салсақ, Елордадағы үлкен сауда орталығының алдында екі адам жандалдасып қалып, бірі екеншісін соққыға жыққан еді. Қаны сорғалап, құлап жатқан азаматты куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Таяқ жеген 33 жастағы жігіт қазір ауруханада. Бауыржан Исабеков әлі есін жимаған. Миы зақымдалған және кеудесінен жарақат алыпты. Бұған дейін «зардап шеккен азамат мас болған» деген ақпарат тараған еді. Алайда туыстары, ол спирттік ішімдік мүлдем ішпейді деп отыр.
Наргиза Ахметова, қарындасы:
-Ағамның жағдайы әлі нашар. Осы оқиғадан кейін оның аяғы ауыр әйелі де ауруханаға түсті. Ағам сауда үйінен шыққан. Ал ұрған адам дүкенге кіріп келе жатқан ба, білмеймін, сол жерде екеуі жанжалдасып қалыпты. Күдікті ағамды ашумен тепкілеп тастаған. Бірақ ешқайсы қару қолданбаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!