{metadescription}
Алматыда «Оңай» картасы үшін оқушы қыздың жағын сындырған кондуктор қамауға алынды
Алматыда «Оңай» картасы үшін оқушы қыздың жағын сындырған кондуктор қамауға алынды

Алматыда «Оңай» картасы үшін оқушы қыздың жағын сындырған кондуктор қамауға алынды

Жолақысына бола, жасөспірімді ұрып-соққан жігіт пен автобус жүргізушісі осы әрекеттері үшін  полиция бөлімшесінде жауап беріп жатыр.

Оқушы қызға қасында бірге келе жатқан сыныптасы араша түсіпті. Кондуктор оның да бет-аузын көгертіп берген. Салдарынан, оңбай таяқ жеген жасөспірімдер қазір ауруханада жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолақы жинаушы жігіт қыздың оқушы екеніне сенбей, толық төлемақыны талап етіпті. Бірақ, оқушының «Оңай» картасында ондай қаржы болмай шыққан. Салдарынан ортада қып-қызыл төбелес басталып, кондуктор оқушы қыздың жағынан ұрып сындырыпты. Жолаушылармен жаға жыртысқан жүргізуші мен кондуктор көп ұзамай оқиға орнынан тайып тұрған. Десе де, қоғамдық көлікке мініп қашқандар алысқа ұзай қоймады. Ал басынан дау арылмаған «Грин бас» автопаркінің қожайыны болса, жасөспірімдерді жұдырықтағандар жұмыстан шығарылады деп кінәні жуып-шайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.