Күз басталғалы жыр болған жанармайдың бағасы тағы қымбаттады
Өткен аптада ғана еліміз бойынша АИ-92-нің орташа бағасы 158 теңге еді, демалыс күндері ол 161 теңгеге дейін өскен.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
30.10.2017
Петропавлда отандық жанармай сататын бекеттер бағаны сенбі күні көтеріпті. Ал ресейлік бензиннің бағасы одан да қымбат. АИ-92-нің литрі 162 теңгеге саудаланып жатыр. Қызылжарға келетін жанармайдың 70 пайызы Уфа қаласындағы мұнай зауытынан әкелінеді екен. Оның өңірдегі қоры бітіп қалған. Ал жаңа келісім-шарттарды ресейліктер жаңа көтерме баға бойынша жасапты. Оған Ресей рублі бағамының да қымбаттығы әсер еткен көрінеді.
Серік Ғалиев, көлік жүргізушісі:
-Қымбаттаған үстіне қымбаттап жатыр. Баға бұлай көтеріле беретін болса, машинаны гаражга қойып жаяу жүруге тура келеді. Жүріп тұрудың өзі қиынға соғып барады, күннен күнге. Қыста көп жұмсалады, ыздыруға кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!