{metadescription}
Тікелей эфир: Астанада Сириядағы соғысты тоқтатуға қатысты кезекті келіссөздер басталды
Тікелей эфир: Астанада Сириядағы соғысты тоқтатуға қатысты кезекті келіссөздер басталды

Тікелей эфир: Астанада Сириядағы соғысты тоқтатуға қатысты кезекті келіссөздер басталды

Елордаға бұл жолы да барлық делегаттар келген. Яғни, Сирия үкіметі мен қарулы оппазиция, кепіл беруші және бақылаушы елдер бір үстел басына жиналды. Олардың соғысты тоқтату жолында не туралы келісіп жатқанын қазір астаналық әріптесімнен білейік. Қайырлы күн Досжан! Астана процесіне қатысты соңғы ақпараттармен бөліссең..

-Қайырлы күн Ерланби! Бірден айта кетейін, бұл Сириядағы сойқанды тоқтатуға арналған келіссөздердің 7-ші раунды. Бірақ, ол әдеттегідей жабық жағдайда өтіп, ішке журналистер кіргізілген жоқ. Міне осы жерде қазір қаумалаған тілшілер іштен қатысушылардың шығуын күтіп отыр.

Негізі кездесуде тараптар талқылайтын мәселе көп. Яғни, бұған дейін осы Астана процесінде қол жеткізілген келісімдердің қалай орындалып жатқаны жан-жақты сөз болмақ. Әрі халықаралық терроризммен күрес және тұтқындарды босату мен қаза тапқандардың денесін беру мәселесі басты назарда.

- Досжан, Астана процесіне Сирияның оппозициясы келетіні айтылған. Қазір олар жиынға қатысып жатыр ма?

– Иә, тек қана оппозиция емес, барлық тарап қазір осында. Яғни, президент Башар Асадтың жақтастары мен оған қарсы соғысып жатқан топтың өкілдері.

Оны Ахмад Берри бастап келген. Мәліметтерге қарағанда осы оппозиция негізінен тұтқындарды босату мәселесін көтермекші. Өйткені, Сирия үкіметі қазір мыңдаған тұтқынды ұстап отыр екен. Сондай-ақ жиынға Ресей, Түркия, Иран секілді кепіл беруші мемлекеттер мен бақылаушы ретінде Біріккен Ұлттар ұйымы және АҚШ пен Иордания қатысуда. Әзірге келіссөздің алғашқы күні екі жақты кездесулер өтіп жатыр. Ал, негізгі келіссөздер ертең түстен кейін жалғасады деп күтілуде.

Ал, бұған дейінгі процестерде тараптар Сирияда оқ атылмайтын төрт қауіпсіз аймақ құру туралы келісімге келген. Енді бұл жолғы жиынның нәтижесі ертең белгілі болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 желтоқсан

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде