{metadescription}
Талдықорғанда балабақшаға көкнәр қалдырып кеткен қаскөйге іздеу жарияланды
Талдықорғанда балабақшаға көкнәр қалдырып кеткен қаскөйге іздеу жарияланды

Талдықорғанда балабақшаға көкнәр қалдырып кеткен қаскөйге іздеу жарияланды

Талдықорғанда балабақша ұжымы бір қызық жағдайды бастан өткеріп отыр. Мұндағы тәрбиешілердің айтуынша, біреу бірнеше мәрте балалардың төсек орнымен қатар, жуынатын бөлмесіне дейін көкнәр араласқан тұз қалдырып кеткен. Алайда қаскөйді ұстау үшін құрылған бейнебақылау камералары да еш нәтиже бермей тұр. Сосын ұжымдағылар ғаламтордан қарап, мұның дуа үшін жасалатынын білген.

Бір айдан бері болып жатқан бұл жағдайдан тәрбиешілердің кәдімгідей-ақ үрейі ұшып отыр. Мұнда біреу күнде таңертең тұзға көкнәр араластырып, төгіп кетеді екен. Басында балабақша қызметкерлері бұған күліп қана жүрген. Ал қазір қорқады.  Ғаламтордағы мәлімет бойынша, бұл – бақсы-балгерлердің бір тәсілі. Яғни балабақшаға дуа жасалып жатқан сияқты.

Айым Басырова, балабақша тәрбиешісінің көмекшісі:

Жұмысқа келе сала көрдім. Қолмен ұстаған жоқпын. Бірден  меңгерушіні ертіп келіп, көрсеттім. Ол кісі «жинап алып, әжетханаға ағызып жіберіңдер» деді. Әрине, қорқынышты болды.

Қазір мұнда көкнәр араласқан тұз үймелері үйреншікті көрініске айналған. Тәрбиешілер таңертең жұмысқа кле сала балалардың төсек орны мен киім ілетін шкафтарының тазалауға кіріседі. Әйтсе де, олар өздеріне кімнің дуа жасап жүргенін біле алмай дал.

Мәдина Бейсебекова, тәрбиешінің көмекшісі:

-Мен мұның не үшін жасалғанын түсінбедім. Артынан ғаламтордан мәлімет іздеп, оқуыма тура келді. Сол мезетте есімнен танып қала жаздадым. Себебі, көкнәр араласқан тұзды дуа ретінде қолданады екен.

Балабақша басшылығы қаскөйді ұстау үшін, алғашында өз беттерімен әрекет жасап көрген. Бірақ, ол бұрыш- бұрышқа қойылған бейнебақылау камераларының біріне де түспепті. Керек десеңіз, әлгі жұмбақ жан жарықты да қас-қағым сәтте өшіріп тастайтын көрінеді. Ал, оның ізіне түсеміз деп діңкелері құрыған тәрбиешілер полиция да шақыртқан.

Гаухар Нұрақжанова, Талдықорған қаласындағы №5 балабақшаның меңгерушісі:

-Бізге полиция майоры келді. Мен оған барлық жағдайды түсіндірдім. Ақырында ол  мұнымен айналыса алмаймыз деп ашық айтты. Өйткені бұл тылсым жағдай деді. Енді, бұрын мұндайды көрмеген ұжым абдырап отыр. Біреулер көріпкелдерге барып, сұрапты.

Расымен де балабақшадағы бұл жағдай ешқандай қылмыстың қатарына жатқызылмайды екен. Полициядағылардың да ештеңе істей алмағаны сондықтан. Енді,  дүрліккен ұжым санитарлардан көмек сұрап әлек. Тіпті олар жергілікті бақсы-балгерлердің көмегіне жүгінуді ойластырып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 желтоқсан

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде