{metadescription}
Павлодарда заңсыз киік атқан азаматтар ұсталды
Павлодарда заңсыз киік атқан азаматтар ұсталды

Павлодарда заңсыз киік атқан азаматтар ұсталды

Табиғат қаскөйлері қызыл кітапқа енген бұл жануарлардың мүйізін кесіп алып, саудаламақ болған.

Браконьерлер түз тағыларын Май және Железинка аудандарында атқан. Өлген жануарлардың денесін далаға тастай салған қаскөйлер олардың мүйіздерін кесіп алып, іздерін суытыпты. Жыл басынан бері өңірде заңсыз аң аулауға қатысты төрт жүзге жуық дерек анықталғанын айта кетейік. Ал онсыз да саны азайып кеткен киіктерді атып, бас пайдасына жаратпақшы болған үш азамат енді бұл әрекеттері үшін заң алдында жауап берулері тиіс.

Баян Мағзұмова, Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы: 

-«Қызыл кітапқа» енген жануарларды атқаны үшін бұл азматтар жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық кодекске сәйкес оларға 2 миллион теңгедей айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде