{metadescription}
Тікелей эфир: Қазақстанда азық-түлік қымбат, ал жалақы мардымсыз
Тікелей эфир: Қазақстанда азық-түлік қымбат, ал жалақы мардымсыз

Тікелей эфир: Қазақстанда азық-түлік қымбат, ал жалақы мардымсыз

Статистика комитеті таратқан деректерге қарасақ, қазақстандықтардың орташа жалақы көлемі артқанымен, тауар сатып алу мүмкіндігі нашарлап барады. Тұтынуға қажетті заттардың да бағасы шарықтап бара жатқаны белгілі. Көкөністер мен ет, сүт, балық, оған қоса ұн өнімдеріне дейін қалтаға ауыр тиіп отыр.

-Ербол, қайырлы күн! Нарықта не қымбаттап жатыр? Жалақы неге аз? Статистика не дейді?

-Қымбаттаған сол баяғы көкөністер. Бұл жөнінде өткенде Ауыл шаруашылығы министрі алыпсатарларды кінәлаған болатын. Бағаны ушықтырып отырған солар деген. Бірақ, кім не десе де нарықтағы нақты жағдай мынадай.

Қазан айының қорытындысы бойынша ерекше қымбаттауымен көзге түскен  көкөністер. Оның ішінде қияр бірден 20 пайызға көтерілген. Картоп пен қызанақтың құны да ушығып тұр. Сонымен қатар, жұмыртқа, сүт, сүзбе, май дегендер қыркүйекте олар да қымбаттап шыға келген. Азық-түлік атаулының ішінде тек қант пен қарақұмық қана аздап арзандаған екен.

Жалақы мөлшері де көңіл көншітпейді. Еліміздегі орташа жалақы көлемі бүгінде 147 988 теңге. Бұл өткен тоқсан тұрмақ, өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда әлдеқайда аз. Оның үстіне, жалақының нақты көрсеткіші, яғни, жұрттың тауар сатып алу мүмкіндігі де биылғы үш тоқсан бойынша төмендеп тұр. Осы нақты жалақы индексі әр тоқсан сайын шамамен 2-3 пайызға төмендеп келеді. Есесіне, еліміздегі баға көрсеткіші былтырғыға қарағанда 7,1 пайызға өскен. Яғни, жалақымыздың сатып алу мүмкіндігі төмендеп барады.

-Демек, бізде инфляция күшейіп бара жатыр деген сөз бе? Бұл жөнінде сарапшылар не дейді?

Қазақстандағы инфляция деңгейі осы қазан айында 4,2 пайызды құраған болатын. Осы инфляция немесе баға нарығы болсын, елдің әлеуметтік жағдайына қаншалықты әсері барын сарапшылардан сұрап көрген жөн сияқты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде