{metadescription}
Тікелей эфир: Бишімбаев сот алдында жауап беріп жатыр
Тікелей эфир: Бишімбаев сот алдында жауап беріп жатыр

Тікелей эфир: Бишімбаев сот алдында жауап беріп жатыр

Бүгін Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министріне қатысты сот басталды. Экс-министрмен бірге тағы 23 адам айыпталушы орындығында отыр. Шенеуніктерге қатысты шулы отырыстан оралған астаналық тілшіміз қазір тікелей эфирге шыққалы тұр. 

-Жəудір, қайырлы күн. Сотқа күдіктілердің барлығы келді ме? Жалпы процес қалай басталды? 

Қайырлы күн, Ерланби. Иə, 23 күдікті түгел сотқа келді. Қарауылдар Қуандық Бишімбаевты, оның бауыры Нұрлыбек Сұлтановты және «Байтерек DEVELOPMENT"–тің бұрыңғы төрағасының орынбасары Аслан Жақыповты  тергеу изоляторынан жеткізді.

Сотқа келгендердің қарасы өте көп. Жұрт есіктің алдында ұзын-сонар кезек күтті. Экс-министрді қолдап, туыс, таныстарынан  басқа бұрын Ұлттық экономика министрлігінде қарамағында жұмыс істеген әріптестері де келген. Сондықтан процеске ең үлкен зал бөлініпті. Бұл Қуандық Бишімбаевтың  9 айдан бері түрмеде отырғаннан кейінгі бірінші рет көптің көзіне көрінуі.

Бишімбаевтың қасында «Байтерек DEVELOPMENT" –тің бұрыңғы төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов отыр. Терезенің арғы жағындағылардың барлығы тергеу изоляторынан келгендер.

Ал залда алдыңғы қатарда отырған күдіктілер үйқамақта жүр.  Істі болып жатқан 23 адамның көбі мемлекет ақшасын ұрлағандарын мойындап,  бюджетке келген шығынды қайтарып үлгерген. Тек Бишімбаев тағылған айыптармен келіспей отыр. Бұл іс бойынша адвокаттардың да саны көп. Мәселен, Бишімбаевтың үш адвокаты бар. Қалған күдіктілер де кем дегенде екі қорғаушы жалдаған.

-Жәудір, ал адвокаттар қандай мәлімдеме жасады? Қорғаушылар сөз сөйлеп үлгерді ме?

Түске дейін Бишімбаевтың адвокаты ғана сөз алды. Сәлімжан Мусин Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жүргізген сотқа дейінгі тергеуді заңсыз деп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Сәлімжан Мусин, Қуандық Бишімбаевтың адвокаты:

-Сотқа дейінгі тергеу 2016 жылдың 9-шы тамызда басталған. Ол кезде Жемқорлыққа қарсы ұлттық агенттік мүлдем жоқ еді, ведомство құрылмаған болатын. Сондықтан менің қорғаушыма қатысты тергеу заңсыз және негізсіз жүргізілген деп есептеймін. Қылмыстық істі тоқтатуды сұраймын.

Жалпы, Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс 10 ай тергелді. Оған   «Бәйтерек» холдингін басқарып тұрғанда «Нұрлы жол» бағдарламасымен үй салу үшін 5  құрылыс компаниясына лобби жасап, мемлекеттік тендерді ұтып беріп отырған. Сөйтіп, кәсіпкерлерден 400 миллион теңге пара алған. Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені де жалған фирмалар арқылы ұрлады деген айыптар  тағылуда. 

Ал сот тыңдауы түскі үзілістен кейін қазір қайта жалғасуда. Кешке дейін тараптар негізгі сот отырысының күнін белгілуі тиіс. Және өзге адвокаттар да сөз сөйлейді. Сотты Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Əділхан Шайхислам жүргізуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде