Алматыда «Алтын қалам» әдеби бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
Жылдың үздік қаламгерлерін саралаған шығармашылық додаға биыл қазақ және орыс тіліндегі 1000-нан астам туынды келіп түскен. Тіпті, ауқымы кеңейген конкурсқа АҚШ, Германия, Украина, Ресей, Израиль және Беларусь елінде тұратын авторлар да қатсықан.
Автор: Мақсат Мәліков
31.10.2017
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл жүлде тағайындау барысында қосылған «Алашордаға 100 жыл», сатира жанры бойынша жазушы-сатирик Есенжол Домбай атындағы «жылдың үздік сатирасы» секілді аталымдар бәйгеге ерекше реңк берген. Сондай-ақ, бұған дейін 11 рет жарияланған балалар жазушыларына арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауы тұңғыш рет «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында өтіп отыр. Жүзден жүйрік шыққандар арасында Алашорда тақырыбында тарихшы-жазушы Әміржан Әлпейісов және «Дарабоз» байқауында жазушы Төкен Әлжантегі бас жүлдені жеңіп алып, әрқайсына 1 миллион теңгеден берілді. Бұдан өзге 7 аталым бойынша үздік деп танылғандарға да лайықты марапат көрсетілді.
Айдос Сарым, «Алтын қалам 2017» әдеби байқауын ұйымдастыру комитетінің мүшесі:
-Осыдан 3-4 жыл бұрын шығармшалық бағыт өлең, поэзия болса, қазір проза жағы бекіді. Мына Алаш тақырыбындағы дүниелерді бөлек кітап етіп шығарсақ дейміз. Сондай-ақ, проза жанрында да Алаш тақырыбындағы шығармаларын кітап қылып шығарамыз деген ойда бар. Бұл да біздің 100 жылдыққа деген үлесіміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!