{metadescription}
Көкшетауда ірі кәсіпкер өз ісін заңсыз жолмен жүргізіп келген
Көкшетауда ірі кәсіпкер өз ісін заңсыз жолмен жүргізіп келген

Көкшетауда ірі кәсіпкер өз ісін заңсыз жолмен жүргізіп келген

Оның қоймасынан жалған маркасы бар мыңдаған шөлмек арақ-шарап тәркіленді.

Қаладағы сауда нүктелеріне жөнелтілетін ең ірі арақ-шарап қоймасы Көкшетаудың шетінде орналасқан. Бас пайдасын ойлаған жеке кәсіпкер ащы судың түр-түрін жалған бақылау маркасын жапсырып, саудаға шығарып отырыпты. Кәсіп иесінің тауарларында еліміздің түкпір-түкпірінен әкелінген деген жазуы бар қағаздар да шапталған. Бірақ олар да жалған болуы әбден мүмкін. Арақ-шарапқа лық толған қоймадан  мемлекеттік кіріс департаментінің мамандары жалған бақылау маркасы бар 200 мың шөлмекті санап алды. Сөйтіп, саудаға шығаруға әзір тұрған күмәнді өнім түгел тәркіленді. Енді кәсіпкер заңсыз әрекеті үшін 3 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 7 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін.

Нұрлан Ысқақов, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы:

-Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осындай жалған бақылау маркасымен қанша өнім саудаға шығарылғаны, жалпы жеке кәсіпкер қанша уақыттан бері заңсыз әрекет етіп,мемлекетке қанша шығын келтіргені осы тергеу барысында анықталуы тиіс. Арақ-шараптың сапасы да тексерілуде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.