{metadescription}
Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінде 1 тоннаға жуық балық қырылған
Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінде 1 тоннаға жуық балық қырылған

Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінде 1 тоннаға жуық балық қырылған

Мамандар келген шығын 1 жарым миллион теңгеге жуықтайды деп отыр. Олар қазір су мен балықты сараптамаға жіберіп қортындысын күтіп отыр екен. Алайда олар өзенге алтын өндіретін зауыт қалдықтары түсті дегенді бірден жоққа шығарды. Ал жергілікті жұрт балық қырылған маңайда сондай кәсіпорын барын айтқан болатын.

Бірақ мамандар су қоймасы мен өзен маңында бірде-бір өндіріс орны жоқ дейді. Ал судың құрамында күкірт қышқылы нормадан аспаған, оттегі мөлшері де жақсы деп отыр. Бірақ мөңке, сазан, шортан , торта балықтарының өлекселері Түймемойнақ су қоймасынан бастап өзеннің 15 шақырым жеріне дейін табылды. Мамандар қазір жаппай қырылу тоқтады деп сендіреді. Ал бұл жайдың нақты себебі 20 күннен соң дайын болатын сараптама көрсетеді екен. Қазір полиция дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жандарбек Еспанов, Республикалық ветеринарлық зертхананың Қарағанды филиалының директоры: 

-Инфекциялық немесе инвазиялық аурулар немесе қатты уытты токсиндермен улану жөніндегі белгілер анықталған жоқ. Патологиялық өзгерістер ешқандай анықталған жоқ. Қазір жасалып жатқан микробиологиялық және токсикологиялық зерттеулер

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.